Мемлекетке қайтарылған қымбат сағаттардың суреті пайда болды

Көркем Алдабергенова 26 сент. 2024 14:53 2473

Мемлекетке 414,5 миллион теңгенің қандай заттары қайтарылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Nege.aqsha мәліметінше, олардың ішінде ең қымбаты - ULYSSE NARDIN Classic 789-80 сағаты. Сағаттың циферблаты 18 караттық алтыннан жасалған. Құны 214,4 миллион теңге. 

Екіншісі - құны 29,2 млн теңге FRANCK MULLER GENEVЕ сағаты. Сағаттың корпусы 18-караттық қызғылт алтыннан, ал әйнегі жақұттан жасалған. Циферблаты лағыл таспен, жақұтпен көмкерілген. 

Үшіншісі ULYSSE NARDIN Archive Freak Cruiser сағаты. Құны - 29 миллион теңге. Корпусы 18-караттық алтыннан жасалған. 

Мемлекетке қайтарылған гауһар әшекейлердің құны - 85 миллион теңге.  

Бұл қымбат әшекейлер кімге тиесілі болғаны белгісіз. 


Рекомендовать
Последние новости