Мемлекет басшысы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Dalanews 25 авг. 2021 05:41 604

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті.

Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты.

Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады", – делінген Президенттің жеделхатында.

Рекомендовать
Последние новости