Мектепке хиджаб киіп баруға рұқсат берілгені рас па? Ресми мәлімдеме

Көркем Алдабергенова 26 сент. 2024 08:59 328650

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу төңірегінде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ақпаратқа сүйенсек, Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуға салынған тыйымды алып тастаған жоқ.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде "Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты" деген жалған ақпарат тарап жатыр. Істі қарау аясында Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі.

Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған", - деп жазылған хабарламада.

Яғни министрліктің мектепке хиджаб киіп баруға қатысты тыйымы күшін жоймаған.  

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға жауапты екенін мәлімдеді.

"Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауапкершілікке әкеп соғады", - деп жазылған хабарламада.

Жоғарғы соттың мұндай мәлімдеме жасауына күні кеше БАҚ беттерінде тараған ақпарат себеп: онда енді оқушы қыздар мектепке хиджаб киіп бара алатыны айтылған. 


Рекомендовать
Последние новости