Мектеп оқушысын сексуалды құлдықта ұстаған қылмыскерлердің жазалары өзгеріссіз қалды

Асель Қайратқызы 13 нояб. 2025 14:28

Қылмыстық істер бойынша кассациялық сот Қызылорда қаласында жасөспірімді азаптау және оны жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа айыпталғандардың адвокаттары мен қорғаушылары (туыстары) жазаны жеңілдетіп, бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеумен алмастыру туралы шағымдар жолдаған. Істі қарау жабық режимде өтті.

Адвокаттар мен қорғаушылардың шағымдары қанағаттандырылмай, жазалар өзгеріссіз қалдырылды.

«Жаза қылмыстық кодекстің баптары бойынша көзделген санкциялар шегінде, жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, айыпталушылардың тұлғасын, әрқайсысының қылмыстарды жасаудағы рөлін, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып тағайындалды», – деп хабарлады кассациялық соттан.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың тамыз айында әлеуметтік желіде 16 жасар қыздың сексуалды құлдыққа ұшырағаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін полиция қылмыстық іс қозғап, кәмелетке толмаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.


Рекомендовать
Последние новости