Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанға» келіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатқа депутат болып кетті
Dalanews01 февр. 2018 12:28
899
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, – делінген хабарламада.
Ал "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мәулен Әшімбаев келді.