Астанадағы ел көзінен тасалау орналасқан еңселі үй қайтадан сатылымға шыққан болатын. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге. Зәулім үйдің Кәрім Мәсімовке қатысы болуы мүмкін,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісімен қайталама сауда 28 наурызда сағат 10:00-де өтті.
Саудаға келесі активтер қойылды:
Жертөлесі бар тұрғын үй, орналасқан жері: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданы, Ерейментау көшесі, ғимарат 1.
Бастапқы бағасы: 1 883 338 958,00 теңге.
Тұрғын емес үй-жай, орналасқан жері: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22-үй.
Бастапқы бағасы: 4 377 184 000,00 теңге.
Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркелу, кепілдік жарна енгізу және белгіленген мерзімде өтінім беру қажет. Сауда онлайн форматта өтті, бұл қатысушыларға әлемнің кез келген жерінен қосылуға мүмкіндік берді.