Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарқ қылды

Dalanews 05 сент. 2016 09:56 797

Астанада өткен ауқымды қайырымдылық марафонында премьер-министр Кәрім Мәсімовтің киген спорттық киімі желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада 4 қыркүйек күні өткен бұл марафонға 4500 адам, оның ішінде әлем елдерінен 25 спортшы қатысқан. Сондай-ақ, спорттық шара кезінде премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков сынды үкімет адамдары да бірнеше шақырымға жүгіріп өтті.

Бұл шара өткен жексенбінің көп талқыланған оқиғасы болды. Себебі, мұндай ауқымды шара ел астанасындағы жол қозғалысына кедергі келтіріп, қарапайым халықтың ашуын туғызды. Дегенмен, аталған шараның жағымды жақтары да аз болған жоқ.

Соңғы кездері еуметтік желілердің белсенді қолданушысына айналған премьер-министрінің үстіндегі спорттық киімі қолданушыларды күлкіге қарқ қылды. Мәсімовтің киім киісін талқылаған қолданушылар оның реттік нөмірінің дұрыс тағылмағанын, қысқа балақ шалбары мен оның ішінен киген көк түсті колготкиін талқыға салды.
Сондай-ақ, желі қолданушыларының арасында оның аяқтарын тым арық деп тапқандары да табылды.

«Шенеуніктер арық екен, оларды ол жақта дұрыс тамақтандырмай ма не?», «Бәрі жақсы, бірақ сізге стилист керек-ақ», «Сізді кім киіндіреді? Күлкілі көрінесіз?», «Премьердің киім киісі аса демократиялық болып тұр!», «Балтыр бұлшық еттері жақсы екен, Мәсімов жарайсың!», «Барлық қатысушылардың реттік нөмірлері кеудесінде тұр, Мәсімов пен Винокуровтікі неге ышқырында тұр? Бұл қандай да бір ерекшелікті білдіретін белгі ме?», - деп әзілдеді қолданушылар.

Естеріңізге салсақ, ел премьер-министрінің киім киісі желіде бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Бұған дейін де Кәрім Мәсімов маусым айында өткен марафонға қатысқан болатын. Желі қолданушылары оның сол кезде аяғына екі түрлі шұлық киіп алғанын әңгіме еткен болатын. Тіпті, бұл оқиғаның құрметіне желіде флеш-моб ұйымдастырылып, жұрт екі түрлі шұлық киіп жарысқан еді.

Рекомендовать
Последние новости