Кәрім Мәсімовтың бөлек лотқа қойып сатылатын мүйізден жасалған семсері өзге ұлттың қолында кетпеу үшін, этникалық ауқатты кәсіпкерлер осы аукционға қатысып, Мәсімовтың қылышын сатып алмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz DAlAINSIDE дереккөзіне сілтеп.
“Негізі коллекцияда қылыш, семсер, тіпті катана да бар. Кәсіпкерлерді қызықтырып отырғаны - сабы мүйізден жасалған, тарихы терең, бағалы қылыш. Мәсімов ол қылышты бекер алмаған болатын. Болашақта ол сакралды мәнге ие болып, қазақтар үшін Кенесарының басы қандай маңызды болса, бұл да белгілі этникалық топ үшін сондай маңызға ие болуы мүмкін”, - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Қазір мүйіз сапты бұл қылыш электронды аукцион реестрінде шамамен 1,3 миллион теңгеге бағаланады. Бірақ аукцион барысында бағасы бірнеше есе өсіп кетуі ғажап емес.
“Тіпті 10 миллион теңгеге өссе де, сатып алуға дайын адамдар бар”, - дейді дереккөз.
Кәрім Мәсімовтың бұл қылышының энергетикалық қасиеті туралы ақпарат бар.
Дереккөз президент ретінде өз адамын қойып, өзі Қазақстанды көлеңкеден толық басқарар жоспарын ойлағанда Кәрім Мәсімов осы семсермен серттескен деген қауесеттермен бөлісті.
Енді қай кәсіпкер осы қылышқа ие болса, сол өз саласының кем дегенде монополисіне айналады пікірлер пайда бола бастады. Және семсердің өз ұлтының, этносының қарауында қалуы міндетті деген пәтуа да айтылған.
DALA INSIDE бұл аукционның барысын бақылап отырмақ. Және мүйіз семсерді қолға түсірген кәсіпкердің бизнестегі болашағы да сараланатын болады. Осы семсер отандық аукциондағы сатып алуға ниет білдірушілер саны бойынша жаңа рекорд қоюы мүмкін.