Мәсімов пен Әблязовқа қолдау көрсеткен депутат қамауға алынды

Dalanews 03 мая 2023 13:23 952

Билікті асыра пайдаланғаны әрі мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жыл арқалаған ҰҚК-ның экс-төрағасы өзімен бірге Батыстың ықпалды тұлғаларын да іле кетті деп хабарлайды Dalanews.kz.

Брюсселдегі адам құқын қорғаумен айналысатын танымал депутаттардың бірқатары осы күнге дейін Кәрім Мәсімовтің қолтығынан демеп, астыртын қолдау көрсетіп келген.

"Мұрттыға" иығын тосқан еуродепутаттың бірі - Пьер Антонио Панцери (суретте) "Катаргейт" дауына ілігіп, істі болып жатыр.

Катаргейт": Пьер Антонио Панцери пошел на сделку со следствием | Euronews

Панцери жетекшілік ететін "Fight Impunity" үкіметтік емес ұйымының Жаңа Қазақстанды жамандаудан аузы босамай келген еді. Ақорданың демқұндылықтарды аяққа таптағанын айтып, Тоқаевтың репутациясына кірлетуді көздеген осынау ұйым "Мәсімовке бостандық" акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болған еді.


Панцери "абақтыда азап шегіп жатқан Мәсімовтің" мәселесін Еуропарламентке жеткізіп, Батыстың саяси институттары мен қоғам назарын Қазақстанға бұруға әрекет еткен.


Сөйте түра Батыстағы "мәсімовшілер" лоббиі 18 жылға сотталып кете барған ҰҚК-ның экс-төрағасына араша түсе алмады.

"Катаргейт" дауының "бас кейіпкері" деп танылған Панцери сәуірдің басынан бері мырза қамақта отыр. Депутаттың жертөлесінен табылған 600 еуро мың Еуропарламенттегі саяси скандалға себеп болды. Онымен аффирленген "Fight Impunity" ұйымының басына бұлт үйіріліп, Брюсселдің қырын қабағына іліккен жайы бар. Әлбетте, Мәсімовтың жақтастарының тізімі Панцеримен шектелмейді.

Maria Arena

"Мұрттыға" бостандық беруді талап етіп, жер тепкілегендердің арасында Бельгия социал партиясының белсендісі Мари Аренаның (суретте) аты аталады.

Панцеридің сыбайласы саналатын Арена былтырғы жылдың қараша айында "Мәсімовке кеңшілік жасауды сұрап" Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне үшбу хат жолдаған. Арена осы күнге дейін Еуропарламенттің Адам құқы жөніндегі бөлімшесін басқарып келді.


Бұған ескі де жаңа Қазақстанның ежелгі дұшпаны Әблязовтың қандай қатысы бар?

Бельгияның L-Post басылымы "Катаргейт" ісіндегі басты күдікті Панцеридің атышулы олигархпен ауыз жаласқанына айғақ тапқан. Босқын мәртебесінен айырылған Әблязов еуродепутаттың аузын майлаған болса керек.

"2019 жылдың ақпан айында Мұхтардың адвокаты әрі сенімді серігі Ботагөз Жәрдемәлі Панцери бастамашы болған Еуропарламенттің басқосуына қатысқан. Пьер Антонио ол тұстары Адам құқын қорғау жөніндегі бөлімшені басқарды", - деп жазады L-Post. 

Еуродепутаттың Әблязов пен Мәсімовке қаншалықты жанашыр екені бір құдайға аян, біздіңше, ол бұл қызметі үшін қомақты қаламақы алған. "Катаргейт" дауы Панцеридің парадан бас тарта алмайтынын, бұл тұрғыдағы иммунитеті әлсіз екенін айғақтағандай.

"Катаргейт" дауының Назарбаев дәуіріндегі "Қазақгейт" жанжалынан айырмашылығы шамалы. Батыстың саясатына ықпал етуді көздеген Катар билігі икемге келеді-ау деген саясаткерлерді сатып  алған.

Панцери бастаған бірнеше депутат арабтардан пара алғанын көпке ұзамай мойындады. Абақтыда ұзақ аялдағанды қаламайтын біздің кейіпкер "Катаргейтке" қатысты ақпаратты түгелдей қотарып айтуға уәде берген. Панцери Әблязов пен Мәсімовті айналып өтпес деп ойлаймыз.

⬇️

Бұған дейін DALA INSIDE телеграм арнасы Әблязовтың Тоқаевқа тыныштық бермей отырғанын жазған.

Толығырақ: https://t.me/dalainside/1295

 

Рекомендовать
Последние новости