Масанчи? Барлығы жолдағы жанжалдан басталған - Ішкі істер министрлігі

Dalanews 09 февр. 2020 09:57 793

 

Бұл туралы Орталық коммунициялар қызметінде журналистер сауалына жауап берген Ішкі істер министрі орынбасары Алексей Калайчиди айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Сайтымыздың тілшісі одан құқық қорғаушылардың оқиға орын алған жерге неліктен кешігіп келгенін сұрады.

"Қордайдағы жанжалға қатысты алып-қашпа ақпарат әлеуметтік желілерде ақпанның 7-сінен бастап тарала бастады. Егер мұндай мәлімет 6-сында таралса, ертерек қамданар едік. Өз тарапымыздан заң аясында әрекет етіп, тиісті шара қабылдадық. Төбелеске қатысқандарды құрықтадық, қылмыстық іс қозғадық.

Неліктен кешігіп жетті десеңіздер, мұны себебі түсінікті болар. Масанчи ауылы облыс орталығынан қашықта (350 шақырым) орналасқан.  Ұшақпен жете алмайсың, көлікпен келу үшін уақыт керек", – дейді Калайчиди.

Оның сөзінше бәрі жолдағы жанжалдан басталған.

"Жолдағы кикілжің себепші болған. Жеңіл көліктегі үш адам жолмен тура тартып келе жатқан, осы арада қапталдағы үйлердің бірінен жүк көлігі шығып, күре жолға көтерілген. Оның ішінде де үш адам болған. Кім кімге жол беруі керек. Сол арада дау туындап, арты жаға жыртысуға ұласқан", – дейді Калайчиди.

Ал 7 ақпанда әлеуметтік желілерде түрлі қауесет тарап, жастар арандап қалған.

Ол сонымен қатар жолдағы жанжалда соққыға жығылып, ауыр жарақат алған қария туралы айтты.

"Осы жанжалда ол (қарияны айтады ред.) жарақат алды. Дәл қазір Қордайдағы дауға қатысты арандатқан ақпарат таратқандарды анықтау үстіндеміз", – деді Калайчиди.

Рекомендовать
Последние новости