Маржықпаев бастапқыда Сметовті Қазақстан құрамасына қосуға қарсы болған - журналист

Көркем Алдабергенова 29 июл. 2024 15:18 4546

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бастапқыда Елдос Сметовті Олимпиадаға жіберуге қарсы болған. Бұл туралы журналист Әділ Төлепбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның сөзінше, Олимпиадаға баруға үш үміткер болған. 

"Ермек Маржықпаев бастапқыда Сметовті Қазақстан құрамасының қатарына қосуға қарсы болған. Бұған жауап ретінде федерация үш үміткер арасында жекпе жек өткізіп, нәтижесінде Елдос жеңіп шықты. Ал министр Маржықпаевта оны олимпиада құрамына қосуға мәжбүр болды", - дейді журналист.  

Сонымен қатар, журналист Әділ Төлепбергенов Елдос Сметовтің президентпен телефон арқылы сөйлесіп тұрған кезіндегі әрекетін сынап тастаған. 

"Елдос Сметов Ермек Маржықпаевқа телефонды қайтарған кезіндегі түріне мән беріңіздерші. Осылайша Елдос министр бұл жерде тұрған артық адам екенін аңғартқандай. 

Бірақ Маржықпаев президенттің алдында өзін көрсетіп, оның алдында ұпай жинап қалмаса Маржықпаев болмас еді. Олимпиада чемпионы сұхбат беріп жатқан кезде спортшы үшін маңызды сәтте бәрінің назарын өзіне аударудың не қажеті бар? Ал жеке жаттықтырушының еңбегін айтқан кезде Маржықпаевтың түрі де, даусы да өзгеріп кетті», - дейді журналист.

Еске салайық, 27 шілдеде Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының финалында алтын медальді жеңіп алды. 

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.


Рекомендовать
Последние новости