Мақтаралға Солтүстік қазақстан облысынан делегация келді

Dalanews 14 мая 2018 11:15 1081

Бүгін Мақтарал ауданына Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов және Есіл аудандарынан арнайы делегация келіп,  тығыз орналасқан аудан халқын жұмыс күші тапшы солтүсікке өз еркімен көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 



Өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою жөніндегі семинар-кеңес нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде өтті.

Жиында өз еркімен қоныс аударушыларға жәрдемдесетінін айтқан Ғ.Мүсірепов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Баян Шегебаев аталған аудан туралы мақтаралдықтарға баяндады.

– Ғабит Мүсiрепов ауданы  1969 жылы құрылды. Аудан аймағы 11,1 мың км2. 2010 жылғы 1 қаңтарға ауданның халқының саны 48,2 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 4,3 адамнан келеді. Ауданда 19 ауылдық округ, 68 ауылдық елдi мекен бар, – деді Б.Шегебаев.



Екі ауданда да білім, денсаулық сақтау секілді өзге де салаларда маман тапшылығы байқалады. Осы жайттарға тоқталған Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Туткушев алдағы уақытта көшіп барам деушілерге баспана, егістік жер, тұрақты жұмыс тауып беруге уәде етті.

– Есiл ауданы 1997 жылдың 17 сәуіріне дейін әуелі Ленин, содан кейін Мәскеу аудандары аталып келді. Жерінің аумағы 5,14 мың км². Тұрғыны 38,3 мың адам. Құрамындағы 60 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы – Явленка ауылы. Бізде, негізінен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің аумағы 454,9 мың гектар. Егіс аумағының 70%-ке жуығын дәнді дақылдар құрайды. Дегенмен, жұмыс күшінің тапшылығынан жеріміз толық игерілмей отыр, – деді Еділ Мейрамұлы.

Жиын барысында Мақтарал ауданының тұрғындары да көшуге байланысты өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Мырзашөлдіктерді көбінесе баспана мен берілетін мемлекеттік жеңілдіктер қызықтырды.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости