Мақтаралдық шаруалар қырыққабат егуді бастады

Dalanews 26 февр. 2018 14:23 749

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында қырыққабат дақылын егу науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 50-ден астам бригада құрылып, мыңдаған адам  жұмысқа тартылған.

Ақпанның басы қатты болып, егінді 1-2 аптаға кеш бастаған "Әбсаттар ата" шаруа қожалығының басшысы Фазылбек Жарқынбеков мамырға жетпей өнім алуды көздеп отыр.

– Жылыжайда 150 мың түп қырықабаттың көшетін дайындап, 30 адамнан құралған бригадамен көшет отырғызуды бастадық. Жұмысшыларға күніне 2000 теңгеден еңбек ақысын төлеудеміз. Негізінен  дақыл 2 айдың көлемінде пісіп, жетіледі. Сондай-ақ, 90 күнде жетілетін сортын да ектік. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек, – дейді Ф.Жарқынбеков.



Мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын егуде. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп.

Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. Былтырғы жылы сәуір айында  алғашқы өнімін алған мақтаралдық диқандар республиканың бірнеше облысын және Ресей Федерациясын қырыққабатпен қамтамасыз еткен болатын.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында былтыр 3877 гектарға көкөніс егіліп, орташа 231,3 центнерден  89689 тонна өнім жиналған. Ал, оның 50 мың тоннадан астамы қырыққабат өнімі болатын.

 

ОҚО  әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/32248

Рекомендовать
Последние новости