Мақтааралда мемлекет қолдаудың арқасында көтерілген шаруақожалықтар көбеюде

Dalanews 22 нояб. 2018 08:00 774

Мақтаарал ауданы Азаттық елді мекеніндегі «Қанат» шаруа қожалығының кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде.

Қожалықтың жұмысымен таныстырған серіктестік иесі Марат Мырзахметов бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтады.

Оның атап өткеніндей, өткен жылы 1 гектар жылыжайдан 75 тонна қызанақ, 3,5 гектар жерден 125 тонна бақша өнімдерін алған. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр ол биыл да жылыжайда қызынақ өсіріп, егістікке асқабақ дақылын еккенін мәлімдеді.


Мемлекет қолдауын көріп отырған жалғыз қожалық емес бұл. Сонымен қатар Сырабад елді мекеніндегі «Эверест» шаруа қожалығы да қанатын кеңге жайып келеді.  Мақта, жоңышқа, бақша шаруашылығымен айналысатын серіктестік 1997 жылы құрылған.  Шаруашылық өткен жылы 24 тонна жоңышқа, 60 тонна бақша дақылдарын өндірген. Ал биылғы жылы 2,45 гектар жерге мақта, 1 гектар алқапқа бақша, 1 гектарға жоңышқа дақылын егіп, агротехникалық іс-шараларды тиімді ұйымдастырып отыр.

Жалпы ауданда биылғы жылы 138 мың гектардан астам суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның 27 064 гектарын бақша дақылдары құрайды. Нақтырақ айтсақ, биыл мырзашөлдік бағбандар 19 500 гектарға қауын,     7 564 гектарға қарбыз еккен. Ал облыс бойынша 51,5 гектар жерге бақша дақылдары егілген.

Рекомендовать
Последние новости