Конституциямыздың 23 жылдығына арналған Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионында 50 жастан асқан ардагер спортшылар арасында «Алаш елінде, қазақ жерінде жастарға өрнек болайық!» ұранымен кіші футболдан облыстық жарыс өтті.
Сайысқа барлығы 6 команда қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласынан 2 команда, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 1 командадан додаға түсті.

Тартысты өткен жарыста оза шауып Мақтаарал ауданының ардагерлер командасы І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ІІ орынды Шымкент қаласының «Локомотив» командасы, ІІІ орынды Шымкент қаласының тағы бір «Наурыз» командасы иеленді.
Жарыста жүлделі орынды алған командалар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі