Мақтаарал ауданында отыз адам қатысқан төбелес болды

Dalanews 01 авг. 2016 17:21 876

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Бұзақылық әрекеттерге Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына (7 жасар қыз)16 жастағы жасөспірімнің сексуалды сипаттағы әрекеттер жасады деген күдігі себеп болған. Бұл жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Ата-анасының бақылауымен дәрігерлер жас қыздың денесінің интим жерлерін тексеріп, нәтижесінде патологиясы мен дене зақымдары анықталмаған. 30 адам қатысқан төбелес салдарынан үш тұрғын дене жарақатын алып, дүкендердің бірінің терезесі сынған.

Полиция өкілдері жалған ақпарат таратқандардың жазаланатынын ескертті. Сонымен қатар, ІІД өкілдерінің айтуынша, 7 жастағы қыз бірқатар сараптамадан өтеді екен. Ал күдікті жасөспірім ата-анасының жауапкершілігіне берілген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

– Бір топ азаматтардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық ІІБ криминалистері мен тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылыпты. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылған. 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында тәртіпке қарсы іс-әрекеттер шектеліп, тоқтатылды. Жағдай бақылауда, – делінген хабарламада.

Рекомендовать
Последние новости