Мақсатым – балаларды IT саласына тарту – жас ұстаз

Dalanews 27 нояб. 2022 09:59 959

Шығыс Қазақстан облысының 10-11 сыныпта оқиын 120-дан астам оқушысы IT-хакатонға қатысады. Балаларға арналған зияткерлік сайысты математика пәнінің мұғалімі Біржан Әуезов ұйымдастырды. Биыл ол «2022 жылдың үздік педагогі» құрметті атағын жеңіп алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бұл оқушыларымның көмегімен ұйымдастырылып отырған екінші хакатон. Алғашқысы 2022 жылдың мамыр айында өтті. Мақсатым – балаларды IT саласына тарту болды. Енді балалар мектептен бастап бағдарламалау тілдерін үйрене алады. Бірінші хакатонға 50-ге жуық бала қатысқан болатын. Қазір IT білім бойынша бәсекеге түскісі келетіндер саны үш есеге жуық артты. Хакатон ұйымдастыру туралы студент кезімнен ойлайтынмын. Бірақ оны биыл ғана жүзеге асырдым, – дейді педагог.

Ұстаз құрамына 7-11 сынып оқушылары кіретін IT-club ашқан. Оқудан бос уақытында олар мұғалімімен бірге ауыл мектептеріндегі балаларға математика, бағдарламалау және ағылшын тілін үйретеді. Жоба ашылғалы бір жарым жылдан астам уақыт ішінде команда 3 000-нан астам баланы онлайн және офлайн форматта оқытты.


Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Астанада «Үздік педагог» құрметті атағы иегерлерінің есімдерін салтанатты түрде жариялаған болатын. 64 жеңімпазға 3 млн теңгенің ақшалай сертификаттары мен төсбелгілер табыс етілді. Жеңімпаздардың бірі – Біржан Әуезов.

 

Рекомендовать
Последние новости