Маңғыстаулық спортшы еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Dalanews 13 июл. 2022 17:06 825

Маңғыстаулық спортшы Майис Алиев еркін күрестен өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында грек рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі U15 және 20 жасқа дейінші U20 жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 12 мемлекеттен спортшылар қатысқан. Атап айтсақ, байрақты бәсекеге Иран, Үндістан, Қазақстан, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Корея, Ирак, Тайпей (Қытай), Тәжікстан, Иордания мемлекеттерінен келген спортшылар өз ара күш сынасты.

Спорттық додаға 61 келі салмақ дәрежесінде Маңғыстау облысының күрес бойынша ОРМБЖМ (олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі) спортшысы Майис Алиев қатысып, қола жүлде жеңіп алды.


Спортшының жаттықтырушысы Роман Ахмедхановтың айтуынша, Майис қола жүлде үшін күресте қырғызстандық балуанды 8:0 есебімен жеңген. Қазіргі таңда Майис Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті. Майис 20 жасқа дейінгі  спортшылар санатында күресті.

Айта кетейік, жарыс  2-10 шілде аралығында өтті.

Рекомендовать
Последние новости