Маңғыстауда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын мобильді топ құрылды

Dalanews 28 апр. 2021 19:39 1162

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқарманың аға прокуроры Досбол Меделов өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мобильді топтың негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз тексерулерді болдырмау және олардың қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу. Егер жоғарыда аталған жәйт орын алған жағдайда мобильді топтың мүшелеріне шағымдана алады.

– Егер кәсіпкерлерді заңсыз тексеріп жатса, мобильдік топтың мүшелеріне шағымдана алады. Облыс бойынша шағын және микро кәсіпкерлікке қатысты  тексеруді тіркеу туралы 192 акт тіркелген. Ал өткен жылы пандемияға байланысты кәсіпкерлерді тексерудің саны 90,2% төмендеген.


Сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің арнайы «ЕРСОП» атты жүйесі арқылы тексеру актісі мен оның заңдылығын қарай алады. Шағын және микро кәсіпкерлер құқықтары үнемі қорғалуда  екендігін айтқым келеді. Қазақстан Респубилкасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тоқтатылды, – деді аға прокурор Досбол Меделов.

Рекомендовать
Последние новости