Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалар: идеядан іске асыруға дейін

Сағыныш Сардарова 06 июн. 2024 10:54 2464

Әлеуметтік жобаларды, сондай-ақ спорт, білім және мәдениет саласындағы жобаларды іске асыру және қолдау мақсатында 2016 жылы құрылған «Халық» қайырымдылық қорының Қазақстан халқы үшін орны ерекше-ақ. Қордың негізгі бағыты халықтың мұқтаж топтарын қолдау және әлеуметтік қорғау, мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу әрқашан Қордың қайырымдылық көмек көрсетуінің басым бағыты.

Қор ковид кезінде, жалпы сомасы 5,1 млрд теңгеге қажетті медициналық жабдықтарды сатып алып халыққа қолдау білдірді. Кешегі су тасқынында да алғашқылардың бірі болып қатты зардап шеккен 4 аймаққа қаржылай қолдау білдірген, сондай-ақ Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындарына қаржылай көмек көрсету үшін 31,4 миллиард теңге бөлді. Айтып тізе берсек мұндай мысалдар көп ақ. Дегенімен қордың жұмысын жете танысу үшін Алматы мен Астана қаласынан бір топ журналист, блогерлері арнайы Ақтау қаласына ұшып келдік. Біздің сапарымыздың алғашқы күні Жаңаөзен қаласынан бастау алған болатын.

Жаңарған Жаңаөзен

Жаңаөзен Қазақстандағы моноқалаларға жататын қалалардың бірі. Қазақстандағы Өзенмұнайгаз АҚ газ осы қалада. Бүгінде қала моноқала ретінде үлкейіп келеді. Қала үлкейген соң, отбасылар да көбейіп бала саны артуы заңды. Жалпы «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді жұмыс атқарып келеді. Осы жылдар ішінде 10 мың ауыл балаларын футбол жабдықтарымен қамтамасыз еттіп, 280 орындық балабақша салды.

«Жалпы біз 2023 жылы Жаңаөзен қаласына келген кезде, «әлеуметтік шешілмеген қандай сұрақтарыңыз бар»,- деп әкімшіліктен сұрадық. Әкімшілік үш мәселені алға тартып, алдымен жұмыссыздық шешілу жолдарын, екінші ащы суды тазалайтын өндірістер керектігін, үшінші балаларға арналған ойын алаңдары қажеттігін баса айтты. Әрине көп уақытты қажет етпейтін, балаларға ойын алаңдарын салуды сол кезден ақ бастап кеттік»,- дейді «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев.

Нәтижесінде 2023 жылы қала бойынша 20 спорттық ойын-сауық алаңдары салынды. Жобаға жалпы құны 402 миллион теңге кеткен. Ойын алаңдары заманауи құрылғылармен жабдықталып, балалар үшін жағдайдың барлығы жасалған. Сондай ақ 2025 жылға жоспарланып отырған үлкен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін де «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен алдағы уақытта құрлысы басталуға дайын. Аталмыш қор есебінен салынбақшы «дене шынықтыру және сауықтыру» кешеніне 1 млрд теңге бөлген.

«Негізгі бағытымыз әлеуметтік жобалар, халыққа ең керегі де әлеуметтік әлеуттерінің күшейуі емес пе, бұған дейін мәдени саласында да жобаларға қаржылай қолдау білдірдік. Бірақ дәл қазір халықтың әл ауқатына қатысты жобалар біздің басты жұмысымыз, алда талай жобалар бар, ол турасында да сіздерге хабарласып айтып отыратын боламыз»,- дейді қор директоры Сағынбек Шункеев.

Ауыз су мәселесі өзекті

Қазақстандағы 8 мыңға жуық елді мекеннің тең жартысында су жүйелері тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. Шалғай ауылдарда ауызсу мәселесі толық шешілмеген. Бұл мәселе Батыс Қазақстанда сәл өзгешерек. Өңірде су болғанымен көбі ішуге жарамсыз, тұзы көп ащы су. Тұрғындардың айтуынша ащы суды ішу мүмкін емес, сондай ақ егістік бау бақшаға пайдаланса бақша өнімдерінің өзі табиғи дәмінен айырлады екен. Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында 2007 жылдан бастап, су тапшылығы қатты біліне бастаған. 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Халық" қайырымдылық қоры Ақшұқыр ауылында қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метр су тұщыту зауытын салу бойынша меморандумға қол қойды. "Халық" қайырымдылық қоры бұл жобаға 300 млн теңге бөлген.

«Мен осы ауылда (Сайын Шапағатов ауылы ред) 2018 жылдан бері тұрамын. Мына жер теңізге жақын таза ауа болған соң халық көптеп көшіп келіп, су тапшылығы соңғы жылдарда қатты білінді. Бұрындары аптасына бір рет жіберілетін 1000 куб 2000 куб су енді, өскен халықтың есебінен мүлдем жетпейтін болды. Бағымызға орай әйтеуір «Халық» қайрымдылық қорының демеушілігімен ащы суды тұщытып тазартатын зауытттар салынды. Оның тағы бір тиімді тұсы халық жұмыспен қамтылып отыр. Сайын ауылында он мың халық тұрады. Ақшұқырда да дәл солай, таза су жетіспей жатқанда бұл ауыл халқы үшін үлкен көмек болды, қазір 24 сағат бойына ағып тұратын суды асыға күтіп жүрміз», - дейді ауыл тұрғыны әрі белсендісі Бағдат Руслан Бағдатұлы.

Иә, Маңғаз Маңғыстау халқының да қуанышты күніне аз қалды. Белгілі себептермен ашылуы кешеуілдеген таза су өңдеу зауыты биыл қалай да халық игілігіне жаратылары сөзсіз.


Рекомендовать
Последние новости