Маңғыстау облысында екі әкім орынбасары есірткі ісі бойынша ұсталды

Ақтоты Жапатова 18 сент. 2025 11:00

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Арнайы операция облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізді.

Әкімдік мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік саясатын жалғастырып отырғанын атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту – біздің басты басымдықтарымыздың бірі», – делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости