2025 жылғы мамырда еліміздегі инфляцияның жылдық деңгейі 11,3% (2025 жылғы сәуірде – 10,7%), бір айда – 0,9% болды (өткен айда – 1,2%), деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып.
Баға ақылы қызметтерге бір жылда – 16% (2025 жылғы сәуірде – 15,7%), азық-түлік тауарларға – 9,6% (2025 жылғы сәуірде – 8,5%), азық-түлік емес тауарларға 9% өсті (2025 жылғы сәуірде – 8,9%).
Өткен жылғы мамырмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 97,6%, су бұруға – 25,1%, орталықтан жылытуға – 19,2%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 15%, ыстық суға – 14,5%, электр энергиясына – 11,2%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем 10,7% өсті.
Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 62,3%, байланыс қызметтеріне – 15,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 14,6%, санаторийлер қызметтеріне – 14,4%, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтеріне – 13,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 12,5%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,3%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге 11% жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 26,5%, қалалық автобуспен – 11,1%, жолаушылар әуе көлігімен – 10,5%, таксимен 10% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 13,6% өсті.
Бағаның өсуі басты пиязға – 76,3%, қырыққабатқа – 67,5%, картопқа – 66,9%, күнбағыс майына – 23,8%, минералды және ауыз суға – 16,7%, сиыр етіне – 15,3%, қой етіне – 14,3%, кондитерлік өнімдерге – 13,9%, салқындатылған сусындарға – 12,5%, сары майға – 12,3%, балық және теңіз өнімдеріне, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 11,9%-дан, ет өнімдеріне – 11,7%, жеміс және көкөніс шырындарға 10,6% белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 12%, күрішке 8,3% байқалды.
Баға деңгейі зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 33,5%, жаңа жеңіл автомобильдерге – 24,9%, ірі электр-тұрмыстық керек-жарақтарға – 20,4%, дыбыс-бейне шолу жабдығына – 20,2%, еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 13,5%, киім және аяқ киімге – 10,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 10,3% өсті. Сұйытылған газ баллондағы – 23,1%, ағаш 14,6% қымбаттады.
Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы мамырда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын бес өңірде қалыптасты, олардың ішінде ең жоғары – Алматы қаласында (13%), Астана қаласында (12,8%), Қарағанды облысында (12,7%).
ТКШ қызметтері бір жылда 15,7% қымбаттады, ал олардың инфляцияға үлесі 1,8 пайыздық тармақты құрады. 2025 жылғы мамырда өткен жылғы мамырмен салыстырғанда суық суға тарифтер – 97,6%, тұрғын үйді жалға беру тарифтері 13,6% өсіп және жылдық инфляцияға – 0,5 пайыздық тармақтан, тұрғын үй жайларды жөндеу және қызмет көрсету тарифтері (6,2%) 0,2 пайыздық тармаққа үлес қосты.
Жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасы – 10,4%, жемістер мен көкөністер 17% өсіп, инфляцияға тиісінше 1,2 және 1 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Май және тоң май бағасының 15,8% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,4 пайыздық тармаққа, сүт өнімдері (7%) – 0,3 пайыздық тармаққа, алкоголсіз сусындар (11%), нан өнімдері мен жармалар (3,3%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.
Жылдық мәнде киім – 10,5%, аяқ киім 11,7% қымбаттады және инфляцияға тиісінше 0,7 және 0,4 пайыздық тармаққа үлес қосты.