Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Жолдау туралы ойын айтты

Көркем Алдабергенова 02 сент. 2024 16:44 2177

Мәжіліс депутаты Никита Шаталов президенттің Қазақстан халқына жолдауы туралы ойын айтты. Депутаттың сөзінше, биылғы жолдау - нақты әрі шоғырланған жолдау болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шаталовтың сөзінше, ең бастысы – мұнда тактикалық мәселенің шешімі жоқ, керісінше, бұған дейінгі мәселелердің жалғасы туралы сөз болған.

«Тіпті бірінші блоктың өзінде фискалдық және ақша-несие саясатының үйлесімділігіне қатысты мәселе стратегиялық сипатта. Бюджет тапшылығы бізде бұрыннан бар, бірақ ескірген салық саясаты мен болжау жүйесінің жетілмегендігінен ол биыл толығымен жүзеге асып, Ұлттық қордан қаражат алудың өсуіне әкелген.

Жолдауда ерекше көзне түсіп, айтылғаны - электр қуатының тапшылығы және оның көршілес елдерден импортталуы энергетикалық қауіпсіздікке күмән тудырып отырғаны. Осы тұста маңызды инфрақұрылымды қаржыландырудың жаңа моделін ойлап табу тапсырылды.

Оның үстіне, менің түсінуімше, біз жаңа технологиялардың көмегімен экологиялық таза және қалдық аз шығаратын көмір өндіретін қондырғылар туралы да айтып отырмыз. Атом электр стансасы бойынша алдағы референдум ат ап өтілді - дауыс беру күні көрсетілді, бұл сайлау науқанының контуры айқын болды дегенді білдіреді», - дейді Шаталов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қалалық Жастар Рухы Жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов аталған бірнеше мәселеге байланысты пікірін білдірген болатын.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында ел дамуының басым бағыттары ретінде экономика, ғылым және жоғары білім салалары ерекше аталды. Бұлардың әрқайсы ел болашағы үшін аса маңызды, сондай-ақ мұнда жастардың рөлі зор деп есептеймін.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның экономикалық дамуының басты мақсаты – азаматтардың табыс деңгейін арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту маңызды. Осы бағыттарда жастардың белсенділігі шешуші рөл атқаруы тиіс. Жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру үшін арнайы бағдарламалар ұйымдастыру қажет",- дейді ол.


Рекомендовать
Последние новости