«ЛРТ ел бойынша талқыға түскен жоба». Алтай Көлгінов халықтың 51 пайызы жобаны аяқтауды қолдағанын айтты

Dalanews 29 июн. 2022 16:34 942

Елорда әкімі Алтай Көлігінов ЛРТ жобасы бойынша түскен ұсыныстардың 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды қолдап отырғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы әкім BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасында жан-жақты айтып берді.

Бұған дейін белігілі болғандай,  ЛРТ жобасына қатысты әкімдіктер ұсыныс жинап, бірнеше нұсқасын Үкіметтің қарауына жіберген еді.

– ЛРТ жобасы тек Нұр-Сұлтан бойынша емес бүкіл елімізде талқыға салынған жоба. Өйткені жобаның өзіндік тарихы мен мәселелері бар. Оны бәріміз білеміз. Біздің әкімідік көптеген ұсыныстарды жинады. Қалалық урбанистика орталығының байқау жариялағанын білесіздер. Бізге 400-дей ұсыныс келіп түсті.


Оның ішінде қазақстандық және халықаралық көлік тасымалының эксперттері де бар. Статистикаға зер салсақ, келіп түскен ұсыныстардың 51 пайызы ЛРТ жобасын жалғастыруды, 42 пайызы оның баламалы жолын қарастыруды және 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды жөн көрген, – деді қала басшысы.

Рекомендовать
Последние новости