Киік атуды шектейтін мораторий тағы бір жылға ұзартылады

Dalanews 21 дек. 2022 05:21 899

Бүгін ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев 2023 жылы дала жануары ақбөкенді атуға болмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Естеріңізге салайық, ақбөкендерді атуға жарияланған мораторий биыл бітуші еді. Сол мораторий тағы ұзарды.

Көктемде шаруалар киік егінді таптап, жайылым жер қалдырмағанын айтып, шағымданған болатын.

Әсіресе Батыс, Орталық, Солтүстік Қазақстанда ақбөкен басы едәуір көбейген. Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмау үшін Экология министрі 80 мыңдай киікті атып азайтуды көздеген еді.


Министрліктің бұл ұсынысы халық арасында, ғылыми ортада қызу талқыланды. Шаруалар бір жақ, қасиетті жануарды жақтағандар бір жақ болып біраз айтысқан-ды.

Сол кезде министрлік өкілдері нақты қанаша киік атылатынан, жануардың етін не істейтінін дәл айта алмаған-ды.

Енді жыл соңында мораторийді ұзарту қажет деп шешіпті. Елімізде кезең-кезеңімен жарияланған шектеудің арқасында ақбөкен саны біршама көбейген. Қазір қазақ даласында бір миллион 300 мыңдай киік бар.

Рекомендовать
Последние новости