«КТК» Тоқаевты неге сынады?

Dalanews 27 янв. 2016 12:34 1280

Еліміздегі кейбір телеарналардың ақпараты ғана бар. Қазақстанға қатыстысы сол ғана. Қалған уақыты өңшең орыстың бағдарламалары, сериалдары, әнші-бишілерінің концерті. Сайып келгенде, жаңалықтан басқа жеткізері жоқ. Бірақ, сол ақпараттың өзін беруге келгенде кей кездері кәсібиліктің төмендігі көрініп қалады.

photo_141819Бұдан бұрын «КТК» телеарнасы «Білім министрінен қазақша сөйлеуді талап еткен сенатор Тоқаевтан сөз естіп тынды» деген ақпар таратқан. Ел шу еткен...

«КТК» көрсеткен сюжетке сенсек, Парламент Сенатының Төрағасы Тоқаев Білім министрі Сәрінжіповтен қазақша баяндама жасауды талап еткен сенатор Еңсегеновті: «Заңға байланысты сұрақ қою керек, депутат мырза. Сіздің сұрағыңыздың заңға ешқандай байланысы жоқ» деп басып тастаған.

Көпшілік «КТК»-дан осыны көрді. Сол-ақ екен, «Қала мен Дала» газетінің почтасына Тоқаевтың бұл әрекетін түсінбеген оқырмандардан бірнеше хат келді.

 Сол хаттың бірін газетімізге («Тоқаевтың мұнысы несі?») және басылымның ресми сайтына жариялағанбыз.

IMG_8641Мақала авторы Жұмаш Шүйкенов: «Әлгі депутат дұрыс айтты. Оның «дұрыс айтқаны» Тоқаевқа ұнаған жоқ. Байқағаным, орысша сөйлеп, орысша ойлайтындардың көпшілігінде қазақ тіліне деген іштей қарсылық бар. Сол қарсылық қазір сыртқа шығып жатыр. Тоқаевтың сөзі соның бір дәлелі» деген пікір білдірген.

Шыны керек, жағдайдың дәл осылай (немесе «КТК»-ның көрсеткеніндей) болғанына біз де сенген едік. Алайда аталған мақала жарық көрген күннің ертесіне-ақ редакцияға Жауап хат келді. Хаттың негізгі мазмұнына сүйенсек, «КТК» болған жайды «түрлендіріп» көрсеткен. Сенсация жасауды ойлаған.

Сонымен, жағдай қалай болған? Тоқаевтың тілге қарсы шыққаны рас па?

Білсек, сенатор Еңсегеновтың министр Сәрінжіповке «мемлекеттік тілде баяндама жасауды сиретіп кеттің» деп реніш білдіргені рас. Бірақ, бұдан кейін ол министрге нақты сұрақ қойған. Ал «КТК» телеарнасы сенатордың сұрақ қойған сәтін қиып тастаған.

Еңсегенов қандай сауал қойған сонда?

«Шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының ұл-қыздары қандай стандартпен білім алып жатыр?».

«Олар елге оралғанда ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орындарына түсе ала ма, жоқ па?» депті Еңсегенов.
Бізге келген жауап хатқа қарағанда, Тоқаев Еңсегеновты мемлекеттік тілде баяндама жасауды талап еткені үшін емес, көтеріліп отырған тақырыпқа байланысты сұрақ қоймағандықтан тоқтатқан.
Ал «КТК»-ның бұл аралықты неге қиып тастағаны түсініксіз? Әлде, Тоқаевты «мемлекеттік тілге қарсы шықты» деп көрсеткісі келді ме?

Ал министр мүлде басқа баяндама жасаған. Сәрінжіпов «Қазақстанда оқып-тоқып жатқан өзге елдердің азаматтарын кемсітуге қарсы бұдан жарты ғасыр бұрын қабылданған халықаралық конвенцияны ратификациялау» туралы заңнамалық өзгерістер туралы баяндама жасапты.

Демек, заң жобасы бізге қатысты емес, керісінше біздің елде оқитын шетел азаматтарының балаларын қорғауға арналған...

Еңсегеновтың сауалын естіген Сенат Төрағасы: «Еңсегенов мырза, заңға байланысты сұрақ қою керек. Сіздің сұрағыңыздың заңға ешқандай байланысы жоқ», – дейді.

Сол арада Еңсегенов те үн қатады. «Мен төртінші сауалмен шатастырып алдым. Кешірім сұраймын», – дейді сенатор.

Бізге келген жауап хатқа қарағанда, Тоқаев Еңсегеновты мемлекеттік тілде баяндама жасауды талап еткені үшін емес, көтеріліп отырған тақырыпқа байланысты сұрақ қоймағандықтан тоқтатқан.
Ал «КТК»-ның бұл аралықты неге қиып тастағаны түсініксіз? Әлде, Тоқаевты «мемлекеттік тілге қарсы шықты» деп көрсеткісі келді ме?

Шыны керек, биліктің қазақ тіліне деген көзқарасын көпшілік жақсы біледі. Сондықтан, Сәрінжіповтен қазақша баяндама жасауды сұраған сенатор Еңсегеновтың сөзі дұрыс. Бірақ мұндай жағдайда сын садағына Тоқаев емес, Сәрінжіпов ілігу керек еді...

Бәлкім, Тоқаевты мұқату арқылы рейтинг жинауды көздеген шығар. Егер соны көздесе, олар ойлағандарына жетті. Тоқаевты сынау арқылы саяси мүдделерін түгендеп, ірі топтардың ойынын қыздыруы да мүмкін, алдағы сайлаудан соң болатын лауазымдық таласта оны билікке сүйкімсіз етуді жоспарлаған болса ше?.. Алты тілде еркін сөйлейтін Тоқаев ана тілін де бір кісідей біледі.

Журналист өз атын шығару үшін нақты жағдайды бұрмалауы да ғажап емес.

Қалай болса да, мұндай «атақ жинау» үрдісі бізді жақсылыққа апармайды...

Аль ФРЕДО


 

 

Рекомендовать
Последние новости