Туыстарыңызбен және жақындарыңызбен әрдайым байланыста болыңыз. Жетекші мобильді оператор Кселл activ бренді отбасылық тарифтік жоспарлардың тұтас бір желісін іске қосты. "Отбасылық" топтамасына жеті пайдаланушыға дейін — балалар, ата-ана, ата мен әжені қосып, шектеусіз интернетті, сондай-ақ артық төлемсіз басқа да сервистерді қолдануға болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тарифтің артықшылығы — оны отбасы мүшелерінің бірі төлеп, берілген трафик көлемін барлық қатысушы пайдалана алады. Топтарға үштен жетіге дейінгі пайдаланушыны қосуға болады. Топты activ қосымшасы арқылы басқару мүмкіндігі бар — бәрі оңай және интуитивті түрде түсінікті.
Қосымша арқылы өз нөміріңізді activ-ке көшіруге болады. Бұл ретте әлеуметтік желілер мен банктердің барлық байланыстырылған тіркелімдері сақталады.
"Келесі жылдың 1 ақпанына дейін біз алғашқы үш абонтөлемге 50% жеңілдікті көздейтін арнайы науқанды іске қостық. Осылайша, қазір тарифтердің құны "Отбасылық 3" үшін 6390 теңгеден басталады, ал "Отбасылық 7" тарифі әр қатысушыға есептегенде құны бар-жоғы 1430 теңгені құрайды. "Отбасылық 5" және "Отбасылық 7" тарифтеріне мол толтырымнан басқа, Яндекс+ экожүйесіне: кино, музыка, кітап, такси мен жеткізуге тегін жазылым кіреді", — дейді өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Вячеслав Старчиков.
Сонымен қатар,"плюс" деген белгісі бар тарифтерге тегін сымсыз интернеті бар роутерге арналған SIM-картаны қосуға болады. Қазір Кселлден 32 990 теңгелік науқандық бағаға роутерге тапсырыс беруге немесе қолда бар құрылғыны пайдалануға болады. Сондай-ақ ортақ шотқа ақылды құрылғылардың: трекерлер, автосигнализация, сағат және т.б. үш SIM-картасын тегін қосуға болады.
"Біз жетекші мобильді оператор ретінде сүйікті абоненттеріміздің әр санаты үшін өзіміздің бірегей тарифтік жоспарымызды ұсынуға және оны клиенттердің осы сегментіне қажетті барлық артықшылықтар мен сервистермен қамтуға ұмтыламыз. Мәселен, жаңа оқу жылы қарсаңында біз оқушылар мен студенттер үшін "Имба" және "Студент" сияқты екі жаңа тарифтік жоспарды іске қостық. Әрине, дербестендірілген тәсілге байланысты екі топтама да жас абоненттеріміз — жасөспірім жігіттер мен қыздар арасында зор танымалдылыққа ие болды", — деп атап өтті цифрлық өнімдер бөлімінің менеджері Жалғас Нұржанұлы.
Естеріңізге сала кетейік, "Студент" тарифтік жоспарын пайдаланушы айына бар-жоғы 2990 теңгеге 25 гигабайт интернет-трафик, Қазақстан бойынша басқа операторлардың мобильді нөмірлеріне 250 минут қоңырау шалу мүмкіндігін алады, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен танымал қызметтерге: Instagram, TikTok, YouTube, WhatsApp, Telegram, Facebook, ВКонтакте және Netflix желісіне шектеусіз қол жеткізеді.
Ал Қазақстанда алғаш рет Кселл іске қосқан "Имба" балалар тарифімен 7-18 жас аралығындағы 100 мыңнан астам оқушы мен жасөспірім қосымша гигабайттардан, сондай-ақ WhatsApp, онлайн-ойындар мен білім ресурстарына арналған шектеусіз интернеттен басқа, жоғары баға алуға одан да бетер ынталануда. Олар үшін "Күнделік" электронды күнделігінде оқушыларға өз қалауынша жұмсауға болатын "Имбакстар" есептеледі.