Коучтың бәрі – отбасы құндылығын насихаттамайды

Dalanews 12 окт. 2023 12:59 1462

Әлеуметтік желі дамыған сайын отбасы құндылығын насихаттайтын түрлі коучтар мен дәлмәрлардан аяқ алып жүре алмай қалдық. Бірақ содан елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылық тыйылғанын да байқамадық. Қайта күн өткен сайын әйеліне зәбір көрсеткен ерлер, әйелінен қорланған еркектерді жиі көретін болдық. Осы ретте Dalanews.kz ақпараттық агенттігінің тілшерлері осы құбылысқа тереңірек үңіліп, психолг мамандардың кеңесін тыңдап, тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды.  

Бүгінде отбасы құндылығына қатысты психологтардың да өз айтары бар. Айталық, отбасылық психолог Маркиза Құбашева отбасы құндылығының бұзылуына қазіргі қаптаған коучтардың да әсері бар екенін жасырмай жайып салды. Айтса айтқанда қазір әлеуметтік желіде қаптаған қай коучты алсаң да ең алдымен өзіңді ойла, бірінші орынға өзіңді қой, күйеуің мүгедек емес өз жағдайын өзі жасасын, балаларыңды меншіктеп алма, сенсіз де өмір сүріп үйренуі керек» деген секілді ақыл кеңестерін аямай кеңестерін айтып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Коучтардың еріл-зайыптылардың арасын ослай бөлуі жақсылықтың нышаны емес. мықты коуч бұлай деп айтпаса керек. Бұларға қатысты білікті маман өз ойын былайша жеткізді.

– Бүгінде әлеуметтік желіде қаптаған коучтардың көбісі кәсіби психолог емес, шетелдік коуч психологтардың бір-екі курсын оқып алғандар. Сол шала шарпы білімімен келіп жұртқа өмір сүруді үйреткісі келеді. Менталитетемізге сай емес нәрсені насихаттайды. Ажырасқандар «отбасын сақта» десе, өмірінде күйеуге шықпағандар «күйеумен қалай тұруды» үйретееді. Бұл енді нағыз парадокс қой. Нәтижесінде мыңдаған қыз келіншек соларды тыңдап алып, не істерін білмей дал болады. Мұндай коучтардың бірінші тыңдаған келіншектердің алды ажырасып үлгерді. Өзімді ойлаймын

Ал ғасырлар бойы қалыптасқан отбасы құндылығын, ата мен ене, әке мен шеше рөлі, маңызы, бала тәрбиесі, қыз баланың сүйкімі мен ер баланың жауапкершілігі, отбасы бақыты, жұбайлар жарастығының сыры туралы айтып жатқандар жоқ. «Мен ажырасқан соң қалай бақытты болдым» немесе «күйеуді қалай айтқаныңмен жүргізіп, тұрғызу керек» деген курстардан аяқ алып жүре алмайсың. Сондықтан еліміздегі қаптаған психологтар мен коучтарға да қадағалау керек, – дейді білікті маман.


Бүгінде отбасы құндылығының жоғалуының бір көрсеткіші тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күшейгенінен де байқалып отыр. Осы орайда елімізде бұл бағытта да атқарылып жатқан шаруалар жетерлік.

Мәселен тұрмыстағы тиранның қазір жауапкершілігі күшейтілген. Тіпті, жәбірлеуші құқық қорғау орындарын өзі шақырмаса да көршілерінің шағымы ескерусіз қалмайтын болды.

Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істеп жатыр, отбасын қолдау орталықтары да бар. Яғни ана мен бала кез келген сәтте далада қалмайды. Сондықтан күйеуінен зәбір көргендерді мемлекет қараусыз қалдырып жатқан жоқ. Сол сияқты отбасына сына қағатын коучтарға да қарсы жауапкершілік күшейтілу керек. Әйтпесе олар да ошағы ойрандалған отбасылардың көбеюіне өз «үлестерін» қосып келеді.

Көп жағдайда отбасылардың ажырасуына әлеуметтік жағдайлар да ықпал ететіні ащы да болса шындық. Осы орайда жас отбасыларды алдымен үйлі ету үшін қалалық әкімдік тарапынан қаржыландырылатын «Алматы жастары», «Елорда жастары» секілді бағдарламалардың қатысушылары да, бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді.

Байқау кезінде алдымен отбасылы жастарға басымдық беріліп жатыр. «Ұмай» секілді жалғызбасты аналарға арналған бағдарламалар да іске қосылған. Яғни, мемлекет мүмкіндігінше ажырасудың алдын алуға тырысып бағуда.

Жалпы мемлекетіміз отбасы құндылығын арттырып, ажырасудың алдын алу бағытында өте көп жұмыс істеп жатыр. Тек солар нәтижелі болып, отбасы құндылығы арта бергей!

Қуаныш ЕРМЕКОВА

Рекомендовать
Последние новости