Конституцияны жетілдіру өмірдің барлық саласын жақсартады – елордалық мәдениет қызметкері

Dalanews 26 мая 2022 10:07 1028

Конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіру үшін елордалық мәдениет орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Жаңа Қазақстандағы қоғамдық-саяси белсенділік және перспективалық мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің өкілдері мұрындық болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Отырысқа қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Зулфухар Гаипов, Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы қызметкерлері еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту туралы өзара ой бөлісті.

– Қазіргі болып жатқан көптеген саяси өзгерістердің барлығын Президенттің сайлауалды бағдарламасының логикалық жалғасы деп қарастыруға болады. Қаңтар оқиғасы саяси өзгерістердің қадамын жиілетті. Бүгінде, Ел тірлігін түзеу үшін ел тірегі – Конституцияға өзгертулер енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Өмірімізді өзгерткіміз келсе, алдағы референдумға бей-жай қарамаумыз керек, әр азамат өз таңдауын жасауы қажет, ол үшін сананы өзгертіп, саяси мәдениетіміздің деңгейін көтеруге тиіспіз, себебі өзгеріс өзімізден басталады, – деді Зулфухар Гаипов.



Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, түйткілді проблемаларды талқылады.

– Әр ұлттың, әр халықтың тағдыршешті кезеңдері болады. Сондай кезеңнің бірі таяу күндерде халқымыздың алдынан өтейін деп тұр. Әр азамат «Жаңа Қазақстанды» құруға байланысты алтын діңгегіміз – Ата Заңымызға енетін өзгерістердің мәні мен мағынасын терең түсініп, Президент бастамаларына қолдау білдіруі керек деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанның ертеңгі жарқын болашағы үшін, халықтың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының көтерілуі үшін, Ата Заңға өркениетті елдердің тәжрибесі негізінде оң өзгерістер енгізіледі, – деді Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев.

Рекомендовать
Последние новости