Көмір бағасы неге қымбат?

Dalanews 05 окт. 2017 14:11 1120

Қазақстанда тұрғындарға сатылатын көмір бағасының қымбаттауына тасымалдау тарифтері мен делдалдардың көптігі кәдімгідей әсер етір отыр деп мәлімдеді бейсенбіде энергетика министрігінің баспасөз қызметі.



Министрлік ақпаратына қарағанда, биыл тоғыз айда коммуналдық және тұрмыстық қажеттілікке 8 миллион тонна көмір жөнелтілген және бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 миллион тоннаға көп.

Министрлік қазір көмір қоймаларында қор жеткілікті екенін және карьерден немесе шахтадан шығарылатын көмір бағасы "айтарлықтай қымбат емес" екенін айтады. Бірақ ведомство көмірдің кеніштен сатып алғандағы бағасы қанша екенін айтпайды.

"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кентау қаласындағы көмір қоры 37 мың тонна, Түркістан қаласындағы көмір қоры 5 мың тоннаны құрайды. Шұбаркөл көмірінің тоннасы 12,5 мың теңге, Майкүбі көмірі 8,5 мың теңге тұрады" делінген министрлік ақпаратында.

Ал Қарағандыда бір тонна көмірдің бағасы 6 мың теңгеден бастап (Сарыадыр көмірі) 11 мың теңгеге дейін (Шұбаркөл көмірі) жетеді.

Астанадағы екі көмір қоймасында Шұбаркөл көмірінің ең жоғарғы бағасы 14 мың теңге, Майкүбі көмірі 8,5 мың теңгені құрайды.

Энергетика миинстрлігі Алматыда бір тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден бастап (Қаражыра көмірі) 23 мың теңгеге дейін (Шұбаркөл көмірі) жететінін айтады.

Ресми түсіндірмеге сай, тұтынушылар сатып алатын көмір бағасының өсуіне теміржол тарифтері, делдалдардың көптігі және олардың өз бағасын қоюы айтарлықтай әсер етеді.

Министрлік көмір бағасын белгілеу, сатылымды реттеу және делдалдарды жою өз құзыретіне кірмейтінін, сатып алу мен халыққа тарату жергілікті атқару органдарының міндетіне жататынын айтады.

Рекомендовать
Последние новости