KiaGo екінші автошеру: Қазақстанды ашып тану!

Dalanews 18 апр. 2022 04:40 933

8-10 сәуір аралығында KiaGo сериясының “Қазақстанды ашып тану” атты екінші автошеруі өтті.

Блогерлер мен  журналистерден құралған топ Kia автокөліктерін тізгіндеп Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының көрнекті жерлерін жаңа қырынан танып, Ақмешіт үңгірі мен ежелгі Ақыртас сарай кешенін барып көрді.

Қазақстандағы Kia брендінің ресми дистрибьютері, Allur компаниялар тобына кіретін Allur Motor Qazaqstan -ның ұйымдастыруымен өткізілгер бұл автошерудің басты мақсаты - Республикамыздағы автотуризмді дамыту, туристтік жерлерді танымал ету және ішкі туризмнің мәдениетін арттыру.



Еліміздің қайталанбас әдемілігіне, тарихи мұраға өзгеше көзбен қарап,табиғатқа ұқыпты қарауды ұмытпай, барымызды құрметтейтін қазақстандықтар саны артса екен дейміз.

Үшкүндік шерудің маршруты: Алматы қаласы – Таңбалы тас мекені- Сказка шатқалы - Ақыртас сарай кешені - Алматы қаласы. Ұзақтығы 2 мың шақырым құрайтын әр түрлі жер беттерінен тұрды - автобанның тегіс бетонынан бастап. шоқалақ жолға дейін.

Автошеру қатысушылары Kia көліктерін тестілеп, әр модельдің мінезін сезіне алды.


Көліктер легі жеті автодан құралды, олардың қатарында Cerato және K5 седандары, сондай-ақ, Soul, Seltos және Sorento кроссоверлері болды.



Осылайша бұл автошеру Қазақстанда автотуризммен айналысу үшін жол талғамайтын көліктің болғаны маңызды емес екенін дәлілдеді.

“Таңбалы тас” тарихи-сәулеттік кешені Алматы қаласынан 170 шақырымда солтүстік батысқа қарай орналасқан және ЮНЕСКО-нің әлемнің мұралар тізіміне енген. Мұнда табиғи сұлулық қазақтың даласымен тығыз байланысып, басты жерлер ғибадатханалар мен қорымдарды арқылы көрініс табады.  Басты ерекшелік - Таңбалы жері. Осында шамамен 5 мың ежелгі жартастағы суреттер бар.



Ақмешіт Үңгірі Шымкент қаласынан 80 шақырымдай жерде орналасқан, қасиетті мекен әрі қажылық объектісі, Қазақстанның 10 кереметінің бірі саналады. Үңгірдің ұзындығы - 200 метр, биіктігі - 25, ені - 65 метр. Бұл өзінің ауқымымен ғана емес, сонымен қатар таңғажайып дизайнымен де ерекше. Іші өте әдемі. Үңгірді сыртқы әлемнен бөліп тұрған кішкене тесік бар. Бірақ үңгірдің ішіндегі және сыртындағы әлемнің айырмашылығы өте зор! Сыртында бірде-бір ағаш жоқ, ал іші жасыл оазис! Мұнда тұт пен қарағай ағаштары өседі, құстар меуендейді. Осы жерде келушілерді ерекше атмосфера және таңғажайып көріністер күтіп тұр.



Автошеру ұйымдастырушыларының  айтуынша бұндай саяхаттар табиғаттан ләззат алуға, қаладағы қарбалыстан, жұмыстан демалуға, жаңа жерлерді ашуға және өз-өзіңді сергек сезінуге көмектеседі. Бұл нағыз шабыттандыратын қозғалыс.

“Қазақстанды ашып тану!” KiaGo автошеруін қолдаған серіктестер: Qazaq Oil, Samal Water және Litro.

Рекомендовать
Последние новости