Кентауда Тәуелсіздік күні қарсаңында жас мамандар баспаналы болды

Dalanews 15 дек. 2018 03:56 757

Түркістан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Тәуелсіздік күні қарсаңында Кентау қаласында жаңа пәтерлерге ие болған жас мамандардың қуанышымен бөлісуге барды.

Бұл күні ондағы Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй өз қожайындарын тапса, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті беріліп, бұл күні Кентауда жалпы саны 30 пәтер иелеріне табысталды.  Олар баспанаға облыс әкімінің тапсырмасымен білікті кадрларды ауылдарға тарту мақсатында қолға алынған бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр. Мерейлі мерекеде үйлі болғандардың ішінде мұғалімдер мен дәрігерлер, және құқық қорғау саласының өкілдері бар.

Облыс басшысы баспаналы болған мамандарға пәтер кілттерін табыстап, құттықтауын жеткізді.

– Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздің еңсесі көтеріліп келеді. Мемлекет басшысының халықты баспанамен, жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаларының нәтижесінде қаншама отбасы баспаналы болып, жұмысқа орналасуда. Бүгін міне Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы қарсаңында Кентау қаласына қарасты Ескі Иқан мен Ынтымақ ауылында жас мамандарымызға 30 пәтер беріліп жатыр. Ендеше еңбектеріңізге береке, жаңа баспаналарыңызға құт дарысын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетерлігі, ауылдарға қажетті мамандарды көптеп тарту үшін қабылданған бағдарлама бойынша облысымызда 330 пәтерлі 33 үйдің құрылысы басталған еді. Міне Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында солардың алғашқылары пайдалануға беріліп отыр.



Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости