Кентауда Әдеп жөніндегі Кеңес мүшелері шенділерді тезге салды

Dalanews 27 нояб. 2018 09:30 810

Кентау қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында 10 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен 5 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, ал қалған 5 қызметкерге қатысты тәртіптік іс өз дәлелін таппауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Кентау қаласының Шорнақ ауылдық округі әкімі Ермаханов Оразали Мусабековичке – өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болған іс-әрекеті үшін «қатаң сөгіс», Кентау қаласының Қарашық ауылдық округ әкімі Айтметов Фуркат Ирскуловичке – қызметтік әдепті сақтамай, дөрекілік әрекеті үшін «сөгіс», Кентау қаласының Ескі Иқан ауылдық округі әкімі Муслимов Хасан Алихановичке Еңбек кодексінің талаптарын сақтамай, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан босатқаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Осылайша Әдеп жөніндегі Кеңестің отырысында шектен шыққан шенділер тәртіпке шақырды.

 

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости