Кентау қаласындағы 334 көп қабатты үй жылумен қамтамасыз етілген

Dalanews 03 дек. 2018 07:32 754

Кентау қаласындағы 334 көп қабатты, 2121 жеке тұрғын үйлер және 102 бюджеттік мекемелер толық орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде.

Станцияның қатты отын қорын жасақтауға бюджет есебінен 497,7 млн. теңгеге 49334,9 тонна қатты отын алынып, тасымалданды. Резервтік отын мазуттың станциядағы қалдығы – 239,4 тоннаны құрайды. 500 тонна әлеуметтік мазут тасымалы үшін «PETROSUN» ЖШС-мен 13.09.2018 жылы келісім-шарт түзілді (1 тоннасы 80000 теңге).

«Кентау қаласының жылу жүйелері және сорап станциясы үшін 35/6 кВ тарату қондырғысын қайта құру»жобасы бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алу өткізіліп, «Электромонтаж» АҚ-мен     жалпы сомасы 229,9 млн.теңгеге келісім-шарт түзіліп, жұмыстар жүргізілуде.  Нысан 2019 жылға өтпелі.

Ішкіорам жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 23,2 млн.теңге бөлініп (мердігер «Zhanas-A» ЖШС)толығымен игерілді.

№56 жылу камерасының жылу құбырларын ауыстыруға жергілікті бюджеттен 3,2 млн.теңге бөлініп,мердігер «КазАртСтрой и тжк» ЖШС-мен келісім-шарт түзілді.

Көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу құбырларын орап-қымтау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 2,4 млн.теңге бөлініп(мердігер ЖК «Алпамыс») толығымен игерілді.

Магистралдық жылу жүйелерін реконструкциялауға қажетті жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге (ІІ кезең) облыстық бюджет есебінен 17,0 млн.теңге бөлініп, бас жобалаушы «Бақыт АБК» ЖШС-мен келісім-шарт түзіліп, ЖСҚ әзірлеуге қажетті құжаттар дайындалуда. Нысан 2019 жылға өтпелі.

Рекомендовать
Последние новости