Кеншілер қаласы Кентау ауыл шаруашылығымен айналысатын мүмкіндікке ие болды

Dalanews 05 нояб. 2018 15:53 969

Түркістан қаласына көшірілуіне орай Түркістан мен Кентау қаласының шекаралары да өзгерді. Яғни Түркістан қаласына қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласына қарайтын болды. Өндірісті қала атанып келген кеншілер қаласында ауыл шаруашылығы саласына да көп көңіл бөлінбек.



Кентау өндірісті қала еді. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы қоса дамитын болады. Түркістан қаласынан 12 ауылдық округ қосылған тұста халқының саны 200 000-ға жетіп, 721 мың гектар жер көлемі қосылды.

Облыс әкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласы бойынша 62 жоба әзірленді. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырып, қорғалды. 62 жоба ішінен дамытуға сай келетіні іріктелініп алынған соң, «ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде қаржылай қолдау жасалып, сол жобаларға қаражат беріле бастады. Осылайша кеншілер қаласы ендігі жерде облыс орталығы Түркістан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы белдеуін қалыптастыруға күш салуда.

Кентауға қосылған ауыл округтеріндегі ең негізгі проблемалардың бірі егістікті ағын сумен қамтамасыз ету болып табылады. Көп ауылда осы мәселе көтерілуде.

Бұдан басқа ауылдар арасында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандардың жұмыс істеуі, медициналық қызмет, транспорт жүйесі, жолаушылар тасымалы және басқа да мәселелер мерзіміне сәйкес өз шешімдерін табатын болды.

Рекомендовать
Последние новости