«Кеңес заманын еске салатын үйлерді сүріп тастаймыз». Зеленский Харьковқа жұмыс сапармен барды

Dalanews 30 мая 2022 03:24 1090

Украинада соғыс басталғалы алғаш рет Зеленский жұмыс сапармен окупанттардан азат етілген Харьков қаласына барып, жергілікті билік орындарымен және әскерилермен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Владимир Зеленский Харьковқа барған сапарында қираған қаланы аралап, қала басшылығымен кездесіп, шаһарды қайтадан қалыпқа келтіру мәселесін талқылады. Сонымен қатар Зеленский әскерилермен кездесіп, оларды мемлекеттік нагардалармен марапаттады.

Харьков қаласының әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов президент алдында баяндама жасап, орыс окупанттары әскери шабуылы салдарынан қалдағы 2229 көпқабатты үй бүлінгенін, 225 үйдің толықтай талқандалғанын айтты.

Харьков қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде ықшам аудандардағы тұрғын үйлердің 30,2%-ы қатты бүлінгені белгілі болды.  


Зеленский қалаға жасаған жұмыс сапарында зымыранмен соққы берілген облыстық әкімшілік ғимараты мен бүлінген тұрғын үйлерді өз көзімен көрді.

– Кеңес заманында салынған панель үйлер соғыстан қатты зардап шекенін көріп жүріміз. Соғыс аяқталғаннан кейін еліміздегі панель үйлерді сүріп тастап, заман талабына сай сапалы үйлер салуды ойластыруымыз керек. Бұл үшін қала әкімдігі қажетті несие көздерін табатын болады. Мемлекет бұл бағыттағы жұмыстарға барынша қолдау көрсетеді, – деді Зеленский.

Рекомендовать
Последние новости