Арал мен Хромтаудағы құрылысы тұралған спорт нысандары

Dalanews 30 мая 2022 06:22 1137

Белгілі қоғам белсендісі, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов еліміздің бірқатар өңірінде қыруар ақша бөлініп, құрылысы тұралап қалған спорт нысандарына қоғамдық бақылау жүргізіп, оларға мемлекет қазынасынан қанша қаржы жұмсалғанын әшкере қылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы спорт кешінін салуға бюджеттен 1 миллиардқа жуық қаржы (нақтысы 990 539 626 теңге) бөлініп, спорт кешенінің жұмысшы сағызша созылып кеткені мәлім болды.

2020 жылдың аяғына дейін салынып бітуі тиіс болған спорт нысанының қабырғалары ғана қаланған. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен 372 880 000 теңге төленіпті.

Ал қазір нысан сақалды құрылысқа айналып, Хромтаудың сәнін кетіріп тұр. Қоғам белсенділері болса, алдағы уақытта осы құрылыс нысанына бақылау жүргізіп, нәтижесін көпшілікке бөліспеуші. Әйтпесе, хромтаулық балалардың спорт нысанына қол жеткізуі мүмкін емес.

«Әділдік жолы» қоғамдық ұйымның белсенділері Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентіннен де дәл осылай сақылды құрылысқа айналға спорт нысанын анықтапты.

Құны 184 957 506 теңгеге бағаланған құрылысты салушыларға жергілікті билік орындары 83 142 894 теңге төлеген. Құрылыстың жарты ақшасы төленсе де нысанның бітер түрі жоқ. Спорт нысанының қаңқасы ғана тұрғызылған. Ал құрылыстың қашан жалғасатына білгісіз.

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости