«Келтемашат» бастауыш партия ұйымының мүшелері үміткер-кандидатпен кездесті

Dalanews 05 янв. 2021 15:38 622

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер – Құдайберген Ержан Төлепұлының қатысуымен Түлкібас ауданындағы «Nur Otan» партиясының «Келтемашат» БПҰ мүшелерімен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

«Nur Otan» партиясының үміткер-кандидаты кездесу барысында сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарға жеке жеке тоқталып партия мүшелеріне таныстырып өтті.



Ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар мен тілектер түсіп, олар қарауға жіберілетін болды. Жиын соңында үміткер «Келтемашат» бастауыш партия ұйымы мүшелерін сайлау күнінде «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

(Материал ақысы Түлкібас ауданындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Рекомендовать
Последние новости