Кеген ауданында 751 жұмыс орны ашылады

Dalanews 08 июн. 2020 07:19 1828

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Кеген ауданында биылғы жылы 52 жоба жүзеге асырылуда.




Атап айтқанда 3 мектеп, 2 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. 27 мектептің ішіне дәретхана салынуда, 6 ауылдың жолы жөнделіп, 2 ауылдың ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізілмек.



Ауданға қарасты  7 ауылға көшедегі жарық шамдар орнатылып,  Кеген ауылында абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.


Аталған 52 жобаны жүзеге асыру барысында 751 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде 375 адам «Жұмыспен қамту» орталығы арқылы аудан тұрғындары арасынан жұмысқа тартылады.

 



Кеген ауданы әкімінің орынбасары Б.Елеусізова Кеген ауылына арық жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуін бақылап, мердігерлерге жүмыстың сапалы жүргізілуін және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуын қатаң ескертті.




Сондай-ақ 2019 жылы  басталған Кеген ауылының ауыз суына қосымша су көздерін тарту жұмыстарының барысын қадағалап, «Кеген су құбыры» мекемесінің басшысымен, мердігерлермен жұмыстың жүргізілу барысын талқылады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости