Катонқарағай ауданында туризмді дамытуға 36,5 млн теңге бөлінді

Dalanews 23 авг. 2024 08:00 2052

Катонқарағай ауданында туризмді дамытуға 36,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Катонқарағай ауданы табиғи ресурстары мен мәдени мұрасының арқасында жыл сайын туристер арасында танымал болып келеді.
Бүгінде Катонқарағай ауданында 1520 орынға есептелген 66 туристік орын жұмыс істейді.

– Катонқарағай ауданы Берел ауылында ауылдық туризм қарқынды дамып келеді. Мұнда 60 орындық 15 қонақ үй өз қонақтарын жайлы орналастырумен қамтамасыз етеді. Үйлерде орталықтандырылған су құбыры мен монша бар. Коробиха ауылы ескі діндар стиліндегі қонақ үйлерімен танымал, - дейді әкімдіктегілер.
Сондай-ақ, Катонқарағай өңірінде инфрақұрылым қарқынды дамып жатыр. Өңірдегі туризмді дамытуға 36,5 миллион теңге бөлінді.

– Экологиялық және ауылдық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қазақстандағы ең ірі Катонқарағай ұлттық саябағында жалпы ұзындығы 680 шақырымды құрайтын 14 туристік маршруттар бар, - дейді жергілікті атқарушы органдардың өкілдері.


Рекомендовать
Последние новости