Кәсіпкер және меценат Мухамед Ізбастин су тасқыны болған аймақтарға жарты миллиардқа жуық қаржы бөлді

Dalanews 29 апр. 2024 18:59 1804

Кәсіпкер және меценат Мухамед Ізбастин су тасқынына қарсы күреске 450 млн теңге бөлді, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Dauletten telegram арнасына сілтеп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерін апат салдарын жоюға белсенді қатысуға шақырған болатын. 
 
Президенттің бұл сөзін көптеген кәсіпкер қолдап, табиғи апат болған аймақтарға қаржылай көмек жолдай бастады.
 
Олардың ішінде жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген Кәсіпкер және меценат Мухамед Ізбастин бар.
 
"Су тасқыны салдарынан Қазақстан аумағының едәуір бөлігі зардап шекті. Мен су тасқыны салдарымен күресуге 450 миллион теңге көлемінде қаражат бөлдім. Иә, қазір үлкен су шегініп жатыр, бірақ проблемалар әлі де бар және оларды бірлесіп және жедел шешу керек. Әрбір ірі бизнесменнің бірлескен күш - жігерімен біз бұл сынақты жедел жеңе алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті Ізбастин.
Айта кетейік,2024 жылдың сәуір айының соңындағы жағдай бойынша ірі бизнес су тасқыны салдарын жоюға 160 миллиард теңгеден астам көмек көрсетілді.

 


Рекомендовать
Последние новости