Кәсіпкер елімізде бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалғанына дән риза

Dalanews 08 нояб. 2018 05:38 1072

Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес жүйелі түрде дамып келеді. Аудан тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысып, тұрмыс жағдайын жақсартуға ынта-ықыласы жоғары



Бүгінде әйел азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысып, табысты жұмыс істеп жатқанын атап айтуға болады. Солардың бірі һәм бірегейі – Гүлзия Бейсебаева. Кәсіпкер ханым қазір жылына  25-30 тонна тәтті өнімдер шығаратын шағын кәсіпкерлік нысанның жұмысын жандандырып отыр. Бүгінде Гүлзия Бейсебаеваның кондитерлік цехында 10 адам табыстып еңбек етуде.

Кондитерлік цехты аяққа тұрғызу үшін кәсіпкер ханым 80 млн. теңге жұмсаған. Гүлзия Бейсебаева жобасы іске асыру үшін «ONтүстік өнімдері» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Банк несиелерін кепілдендіру» шарты бойынша қаржылай қолдауға ие болған. Түркиядан кондитерлдік өнім өндіретін құрал-жабдық әкелген Гүлзия Бейсебаева елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалғанына дән риза. Ол алдағы уақытта кәсіпкерлік нысанды кеңейтіп, шығаратын өнім түрлерін көбейтуді көздеп отыры. Мұндай жағдай тағы да қосымша жұмыс күші тартылып, аудан бюджетіне түсетін салық көлемінің артатыны да белгілі.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости