Кәрім Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр

Көркем Алдабергенова 21 мая 2025 16:20

Қазақстан ҰҚК-нің экс-төрағасы Карим Мәсімовтің қызы Тамилла Карим мен оның бұрынғы күйеуі Азамат Капеновтің арасында ортақ мүлікті бөлуге қатысты сот процесі Ресейде өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл азаматтық іс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

Nege.kz мәліметінше, бұған дейін тараптар балаларға қатысты — атап айтқанда, қамқорлық тәртібі мен олардың тұрғылықты жері мәселелерін шешкен болатын. 2022 жылғы желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің шетелдік мұсылман еместер істері жөніндегі соты балалардың әр айдың алғашқы екі аптасын анасымен, қалған екі аптасын әкесімен өткізетіні туралы шешім шығарған.

«Выход к морю» Telegram-арнасы таратқан деректерге сәйкес, Азамат Капенов Ресейде құны шамамен 10 млрд теңгеге бағаланатын элиталы мүлікке иелік етеді. Оның меншігінде Рублевкада, Күміс орманда және Мәскеуде жылжымайтын мүлік, сондай-ақ Porsche Taycan Turbo S сынды құны 190 мың еуро тұратын қымбат көліктері бар.


Рекомендовать
Последние новости