Карантин кезінде өз эмоциясыңызды қалай басқаруға болады?

Dalanews 24 июн. 2020 05:00 907

Біздің әдеттегі өмір сүру салтымыз өзгергенде, әсіресе біздің жеке таңдауымыз болмаған жағдайларда, біз шағын дағдарысты бастан өткереміз. Карантин жарияланған алғашқы күнннен бастап ситуацияны адамдар әр түрлі қабылдады. Бірақ оның қандай экономикалық, әлеуметтік, психологиялық жағдайларымызға әсер ететінін біраз оқшауланғаннан кейін сезе бастағандай болды. Бұл ол адамдардың сенімсіздігінің пайда болуына алып келді. Экстремалдық жағдайда өзінің эмоциясын реттей алмайтын адамдарға біршама қиын болды.

Кез келген дағдарыс жаңа идеялардың жаңа жоспарлардың туындауына алып келеді. Сондықтан да бұл жерде жеке тұлғаның экстремалдық ситуациядан шығу әрекетін ұтымды пайдаланып, ішкі психологиялық резустарын қолдана алу керек. Сіздің жағдайыңыз сіздің жеке басыңызға тікелей әсер етеді. Сондықтан да қобалжудың себептері бар. Бірақ ең бастысы, өз-өзіңізді сабырға келтіріп және бойыңызда эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру керек. Стресс жағдайында адам өзінің шынайылығын жоғалтады. жағымсыз эмоциялар, қорқыныш және ертеңгі күнге сенімсіздік жұмыс жасауыңызға әсер етеді. Стресстен шығуда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәжірибелі психологы Бақыт Жигитбекованың бірнеше кеңестерін ұсынамыз:

1.Отырып нақты не болғанын, және дағдарыс сізге және сіздің жақындарыңызға қандай әсер ететінін жазып алыңыз.

2.Сізге қандай жаман салдары болуы мүмкін екенін талдаңыз.

.Сіздің миыңызда нақтылық пайда болып , сіздің бойыңыздан үрей мен қорқыныш кете бастайды.

3.«Қазір нақты осы жерде» принципіне оралыңыз.Қандай іс-әрекеттен бастаймын.Қолымда не бар не істеймін?

4.Болашақтағы іс -әрекетіңізді позитивті вербализациялаңыз.

Рекомендовать
Последние новости