Кәмшат Жолдыбаева: "Журналистер, сендер әлсізсіңдер"

Dalanews 12 дек. 2016 15:39 1005

Кәмшат Жолдыбаева “Әншілер мен актерлер біздің нанымызды тартып алып жеп жүр” деген журналистердің бар болғаны әлсіз маман екенін айтты. Олардың бұл сөзін әлсіздің жанайқайы деп білетінін жеткізді. Бұл туралы Астана арнасының “Сырласу” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды stan.kz сайты. 

“Әншілердің бағдарламаны жүргізуін сіз қабылдай аласыз ба? Осыны дұрыс үрдіс деп ойлайсыз ба?” – деп сұрады бағдарлама жүргізушісі Әйгерім Сейфолла. Бұл сауалдың қойылатынын Кәмшат Жолдыбаева күткен сыңайлы. Себебі, әнші мүдірместен көптен беру айтқысы келіп жүрген ойын жеткізді.

“Әрине, қабылдай аламын. Барлығын бірдей бағалап, бір баға беру мүмкін емес. Тыңдап, көріп барып қана бағасын бересің. Әнші мықты жүргізіп тұрса, неге бұл мүмкіндікті пайдаланбасқа?! Әртүрлі пікір, яғни сіздің әріптестеріңіз “Ойбай, әншілер немесе актерлер біздің нанымызды тартып алып жеп жүр. Неге әркім өз ісінің маманы болмайды? Қалдырсын бізге сол мүмкіндікті” деп айтып жатады. Мен мұны әлсіз мамандардың немесе әлсіз жандардың айтатын жанайқайы деп ойлаймын. Сен мықты болсаң, ешқашан далада қалмайсың”, – дейді ол.

Әншінің бұл сөздерін естіп отырған журналист Әйгерім Сейфолла күлкіге ерік берді. “Әріптестерім, Кәмшатты осы пікірі үшін жан-жақтан жеуге дайындалыңдар” деді ол күліп.

Рекомендовать
Последние новости