Журналисті атып кетті

Dalanews 30 мая 2018 04:26 788

Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып кетті. Бұл жөнінде жергілікті полицияға сілтеме жасап Азаттықтың украин қызметі хабарлайды.



Украина ІІМ ресми мәліметі бойынша, Киевте арқасына тиген оқтан 1977 жылы туған, телеарналардың бірінің жүргізушісі қаза тапқан. Полиция қаза тапқан журналистің аты-жөнін атамайды. Бірақ Бабченко 1977 жылы туған, соңғы уақытта қырым-татарларының ATR каналында жүргізуші болып жұмыс істеген.

Киевте Бабченконың оққа ұшқаны жөнінде Фейсбукте бірінші болып Айдер Муждабаев хабарлады​. Оның сөзінше, Бабченкоға үйінде, арқасынан оқ атқан. Журналистің денесін әйелі тапқан. Бабченко "жедел жәрдем" көлігінде көз жұмған.

Журналист былтыр Ресейден кеткен. Ол белгілі бір уақыт шетелде тұрғаным жақсы деген. Негізгі себептерін айтпаса да, ол "бостандық немесе бостандықсыз өмірді таңдау керек болды" деген.

Аркадий Бабченко шешен соғысына қатысқан. Кейін ол "Московский комсомолец", "Забытый полк" басылымдарында әскери тілші болып жұмыс істеген. Ол сонымен бірге "Новая газетаға" да репортаж жасап тұрған.

Рекомендовать
Последние новости