Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайғылы хабарды оның әріптесі Серікқали Мұқашев хабарлады.
"Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді… Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздікке жаны қас жаужүрек бауырымыз – Мұхтар Түменбайдан қапыда айырылып қалдық. Жүрегі кенет сыр берген екен. Иманы жолдас болсын, бауырым", – деп жазды ол.
Мұхтар Түменбай 1970 жылдың 11 тамызында дүниеге келген. Ол жазушы Жақсылық Түменбаевтың ұлы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.