Жұманғарин және оның 10 пәтері: министр салық төлеп жүр ме?

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2025 17:01 937

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин отбасы иелігіндегі 10 пәтерге қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр салықты әрдайым уақтылы төлейтінін және заң бұзбағанын мәлімдеді.

– Мен әрқашан, мейлі бизнес болсын, мейлі жеке өмірде болсын, салық төлеймін, сол үшін тыныш ұйықтаймын. Әкем үнемі «адамға ең маңыздысы – тыныштық» деп айтатын. Салық төлеген адам ғана тыныш ұйықтай алады, – деді Жұманғарин журналистердің пәтер сату кезіндегі салық төлеу мен адалдық туралы сұрағына жауап бере отырып.

2023 жылы интернетте Ақтөбедегі 10 пәтер пара ретінде берілген болуы мүмкін деген мазмұндағы видео тараған. Бұл материалда Жұманғариннің аты аталған.Сол кезде министр жала жабу фактісі бойынша сотқа арыз беруді қарастырып жатқанын айтқан.

Алайда аталған 10 пәтердің отбасының атына тіркелгенін растаған. Сонымен қатар, ешқандай заң бұзушылық жасалмағанын атап өткен болатын.


Рекомендовать
Последние новости