ЖСДП жиынынан Шаханов неге кетіп қалды?

Dalanews 30 янв. 2016 03:08 1004

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) бүгін Алматыда өткізген съезде партия атынан кезектен тыс парламент сайлауына түсетін адамдардың тізімін бектті. Бұл туралы "Азаттық" сайты (http://www.azattyq.org/archive/news/20160130/330/330.html?id=27520371) хабарлады.

«Көктөбе» демалыс кешенінде екі жүзге жуық адам қатысқан съез шешіміне сәйкес сайлауға түсетін 27 кандидаттың арасында Зәуреш Батталова, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов, Петр Своик, Уәлихан Қайсар, Ермұрат Бәпи, Құрманғазы Рахметов, Бақытгүл Мәкімбай, Ғабиден Жәкей сынды бұған дейінгі сайлаулар кезінде жұртшылыққа танылған адамдармен бірге Асхат Рақымжанов, Жанат Есентаев, Рахым Айыпұлы, Тазабек Сәмбетбай сияқты парламент сайлауына жаңадан түсіп жатқандар бар.

Бұған дейін ЖСДП-ның кейбір бөлімшелері сайлауға партия төрағасы Жармахан Тұяқбайсыз қатысуды ұсынған. Бірақ, бүгінгі съезде делегаттар Тұяқбайды да партия тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Сонымен бірге партия тізіміне енгізу жөнінде алдын ала келісілген кейбір адамдар сайлауға қатысуға ықтияр білдірмеді дейді ЖСДП баспасөз хатшысы Тазабек Сәмбетбай.

– Ақын Мұхтар Шаханов бүгінгі жиынға келгенімен, белгісіз себептермен кетіп қалды. Жазушы Мереке Құлкенов партиялық тізім бойынша сайлауға қатысудан бас тартты, - деді ол Азаттыққа.

Бұған дейін 2012 жылы қаңтарда өткен парламент сайлауына ЖСДП «Азат» партиясының қолдауымен қатысқанымен, қажетті дауыс «жинай алмаған» еді.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 97-сі партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Рекомендовать
Последние новости