Жолдаудағы басым бағыт: Шығыстағы денсаулық сақтау саласының потенциалы қандай?

Dalanews 13 дек. 2022 12:08 737

Бүгінгі таңда Шығыс өңірде оншақты әлеуметтік нысан, мектептер, ауруханалар, спорт орталықтары, оның ішінде  Ана мен бала және гематология орталықтары салынуда.  

Иә, Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үлгідегі медициналық құрал жабдықтармен емдеу орындарын жабдықтау жыл сайын жүзеге асырылуда.

Ақ халатты абзал жандардың біліктілігін арттыруға жіті назар аударылып, облыстың дәрігерлері шет елдің белді емханаларында білімін жетілдіріп,  іс-тәжірибеден,  тағылымдамадан өтті. Өз кезегінде олар алған ілімдерін,  аймаққа келіп,  ем-дом жүргізуге қолданбақ.

Мәселен медициналық кадрларды оқыту бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың басынан бері облыстың 13 медицина қызметкері Израиль мен Германияның онкогематология, гематология, кардиология, Акушерлік және гинекология клиникаларында білім алды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін  13 гематолог дәрігер мен 10 анестезиолог-реаниматологты оқыту жоспарланып отыр.

Келер 2023 жылы Израиль, Германия және Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында онкология, нейрохирургия, кардиохирургия, травматология-ортопедия, неонатология бағыттары бойынша 15 маманды шетелде оқыту жоспарланып отыр. Оқу мерзімі 3 ай.

Осылайша денсаулық саласында білікті мамандардың санын арттыру көзделінуде.


Және  Ауылдық жерге келген дәрігерлерге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Сегіз  маманға  көтерме қаражат, екеуіне тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікпен кредит беру және 5 маманға қызметтік пәтер берілді. Бұл өз кезегінде ақ халатты абзал жандардың алаңсыз жұмыс істеуіне сеп болмақ.

Иә, Елімізде Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық құрал жабдықтармен ауруханаларды қамту жағынан алдыңғы орында.

Мәселен Облыстағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында жалпы сомасы 2 438 646 мың теңге көлемінде медициналық жабдықтар алынды.

Атап айтсақ 8 рентген аппараты,  2 флюорограф,  3 маммограф, оториноларингологиялық операцияларға арналған мобильді микроскоп алынды.



Сондай-ақ аудандық ауруханалардың 119 перзентхана бөлімшелерін 451 092,8 мың теңге сомасына қажетті медициналық жабдықтар алынды.

Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау объектілерін салуға 2022 жылға 22 496 150,0 мың теңге бөлінді. 5 нысанның құрылысы және 2 объектінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Өскемен қаласында гематология орталығының құрылысы жалғасуда,  ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК қабылдау-диагностикалық бөлімшесін жаңғыртуға,  Риддер қаласында бір ауысымда 140 орындық стационар және 500 адам қабылдайтын емханасы бар көп бейінді аурухана кешенін салу, ШҚО Күршім ауданы Қалжыр ауылында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында  20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория және 5 орындық күндізгі стационар салу жоспарланып отыр.

Бұл бір ғана денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар.

Рекомендовать
Последние новости